ҚАЗАҚСТАН ІСКЕРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Меню

Компания Туралы

3-111-3

«Атакент» ҚІЫО АҚ Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы №688 «Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығын құру туралы»

Қаулысымен құрылған. «Атакент» компаниясы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанына ие және ҚР Азаматтық кодексіне және заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес құрылған.

«Атакент» ҚІЫО АҚ халықаралық көрмелермен айналысуға мүмкіндік беретін Бас лицензияға ие. Негізгі қызмет түрі – халықаралық көрмелер. Атакент ҚІЫО АҚ құрылтайшылары мен басшылық қызметкерлері аталған жобаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу үшін жеткілікті әлеуетке және тәжірибеге ие.

«Атакент» АҚ Шығыс Еуропа, Орталық-Азия аймағы елдерінде, сондай-ақ ТМД елдерінде көрме қызметінің көшбасшы ұстанымдарын қолдауға арналған жоғары инвестициялық қызықтырушылыққа, елеулі экономикалық, көрме-жәрмеңкелік және ресурстық әлеуетке ие.

«Атакент» АҚ көрсетілетін қызметтер көрме сервисінің халықаралық деңгейіне сәйкес келеді. «Атакент» АҚ жұмыс істеген жылдары ішінде барлық павильондарды, ғимараттарды, құрылыстарды және басқа инфрақұрылымдарды қайта құрылымдау бойынша нысаналы жұмыстар жүргізілді.

Танымал батыстық компаниялармен әріптестік қатынастар орнатылған, жоғары білікті мамандар ұжымы қалыптастырылған. Осының бәрі «Атакент» АҚ ТМД және Шығыс Еуропаның көрмелерді, жәрмеңкелерді өткізу бойынша ірі халықаралық орталықтарының бірі, жаңа технологиялар мен техникалық жаңалықтарды сыннан өткізу орны болуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда «Атакент» АҚ тек Қазақстаннан ғана емес, ТМД тысқары да танымал. Барлық ұжымның жөнге салынған жұмысының арқасында барлық бағыттарда біраз табыстарға қол жеткізілген. Қазіргі уақытта, павильондарды, ғимараттарды, құрылыстарды қайта құрылымдау бойынша нысаналы жұмыстардың арқасында, «Атакент» АҚ Орталық Азия мен ТМД ірі көрме орталықтарының біріне айналып отыр.

atakent_002

Жыл сайын «Атакент» АҚ аумағында 8 000-нан астам шетелдік фирмалар мен компаниялардың қатысуымен 50-60 ірі ұлттық және халықаралық көрмелер өткізіледі.

«Атакенттің» қаржылық-шаруашылық қызметін келесі бағыттарға бөлуге болады:

  • көрмелік-жәрмеңкелік;
  • коммерциялық қызмет;
  • құрылыс-инвестициялық қызмет;
  • ойын-сауық және демалыс индустриясы;
  • қоршаған ортаны көріктендіру.

Нарық жағдайында «Атакент» АҚ басты міндеті кез келген ауқымдағы көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу болды және болып қалады. Компаниялар дәл осы көрмелерде өз тауарларын көрсетуді үйренеді, өз бет-бейнесін көрсетеді, беделін қалыптастырады. Көрмелердің қызметінің нәтижесі – жаңа технологияларды тарту, өзара тиімді келісімшарттарды жасау, филиалдарды ашу. Алайда уақыт өмірдің барлық салаларында қарқын мен дамуды талап етеді. Осы себепті де ХХІ ғасырда «Атакент» акционерлік қоғамында жаңа міндеттер туындайды:

  • Қазақстанның басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және компаниялармен берік экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды орнату, сондай-ақ «Атакентпен» сындарлы ынтымақтастық тәжірибесіне ие кәсіпорындармен, компаниялармен және мемлекеттермен бұрын жолға қойылған өзара қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейту;
  • көрмелерді, аукциондарды, конкурстарды, жәрмеңкелерді, биржалық және халықаралық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • заманауи технопарктік құрылымдарды дамыту;
  • кәсіпорындардың халықаралық өнеркәсіптік-технологиялық кооперациясын дамыту;
  • Республика аумағында, сондай-ақ басқа мемлекеттерде өзара тиімді шетелдік инвестициялар мен несиелерді құру;
  • ғылымның, техниканың және жаңа технологияның отандық және шетелдік соңғы жетістіктерін көрнекі көрсету, сондай-ақ оларды өндіріске ендіруге себін тигізетін іскерлік байланыстарды орнату;
  • өзара тиімді экономикалық байланыстарды жолға қоюда және кеңейтуде отандық және шетелдік серіктестерге қызмет көрсету;
  • кәсіпкерлік қызметті қолдау, заңды тұлғалар мен азаматтарға басқару, экономикалық, валюталық-қаржылық және шарттық-құқықтық мәселелерде практикалық көмек көрсету;
  • туристік бизнесті дамыту;
  • ойын-сауық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ Алматы қ. халқын жоғары сапалы сервиспен қамтамасыз ету.